Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер газды тапаншаны атыс қаруына айналдырған Көкшетау тұрғынын анықтады

22 ақпан-5 наурыз аралығында Ақмола облысының аумағында «Қызметтік қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты-өңір аумағында заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеу және оларды сатып алу көздерін, заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сондай-ақ, жедел-алдын алу іс-шарасы атыс, оның ішінде тіркелмеген қарумен жасалған қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

24 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ақмолалық полицейлер 9 мм калибрлі «Umarex» маркалы газды тапаншадан жасалған атыс қаруы мен оның патрондарын сақтаған Көкшетау қаласының тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады.
ҚР ҚК-ның 288-бабының 1-бөлігі (Қаруды заңсыз жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру