Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада үш көлікке ұрлыққа түскен күдікті құрықталды

Қызылордада үш көлікке ұрлыққа түскен күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Volkswagen Vento, Volkswagen Passat және Ваз-2107 автокөліктеріне ұрлыққа түскен күдіктіні – жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеу барысында анықталғаны – күдікті автокөліктердің ашық қалған артқы есігін пайдаланып, автокөлік иелеріне тиесілі заттарды қолды етіп, өз ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда шығындары есептелуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру