Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған 6 жастағы баланы тапты

Қызылордада ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған 6 жастағы баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына немересінің жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын арызданған. Алты жастағы бала сағат 14:00 шамасында өзінің тұрғылықты мекенжайынан дүкенге шығып кетіп, қайта оралмаған. Шамамен бір сағаттан кейін бүлдіршіннің үйге келмегенін білген туғандары дереу «102» арнасына хабарлама түсірді.

Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары іздеу шараларын дереу ұйымдастырды. Жақын маңдағы барлық көшелерді, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды. Оған қоса бейнебақылау камераларын тексерді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бүлдіршін екі сағат ішінде қала аумағының көшелерінің бірінен табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Бүлдіршіннің анасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары Сәуле Салходжинова және ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Өтеш Алиханға кішкентай ұлын іздеп, тауып бергені үшін алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру