Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жол сапасына қатысты 39 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Ақмола облысында жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны үшін 39 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Әкімшілік полицияның аумақтық құрылдары жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде жалпы қолданыстағы жолдарға, оның ішінде халықаралық маңызы бар жолдарға – 8, республикалық маңызы бар жолдарға – 46, жергілікті маңызы бар жолдарға 70 және көше-жол желісіне 227 тексеру жүргізді. Облыс аумағы арқылы өтетін жолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жол ұйымдары жолдарды қар мен мұздан тазартуға тұрақты түрде мониторинг және бақылау жүргізеді.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 351 ұйғарым берілді.

ҚР ӘҚБтК 631-бабының 1-бөлігі бойынша 39 лауазымды тұлға, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 13 лауазымды тұлғасы, “Қазақавтожол” компаниясының сегіз кәсіпорын басшысы мен лауазымды тұлға, сондай-ақ басқа жол ұйымдарының 18 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру