Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тергеу изоляторына ҰААТ жетекшісі келді

Қызылорда облысының тергеу изоляторына ҰААТ жетекшісі келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Серік Теңізбаев ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілінің рұқсатымен ЗК-169/1 мекемесіне келді.

ҰААТ жетекшісі өзінің профилактикалық сапары барысында”Қаңтар оқиғасына” қатысқан айыпталушылармен кездесіп, жарақат алғандардың қазіргі жай-күйімен танысты.

– Айыпталушылар Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісіне медициналық көмек пен дәрігерлік кеңестің дер кезінде беріліп жатқанын айтты. Одан бөлек, тергеу қамағындағылардың мекеме қызметкерлері төңірегінде ешқандай шағымдары болған жоқ, – деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманының м.а. Әйгерім Баймұрзаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру