Қызылордада заңсыз есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Қызылордада заңсыз есірткі сақтаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қару» іс-шарасы барысында түнгі уақытта қала аумағында Volkswagen автокөлігін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері 47 жастағы жүргізушінің тексеру барысында одан 9 газет қиындысына оралған жасыл түсті затты анықтады. Сараптама қорытындысымен алынған зат кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеу басталды.