Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған темір торға тоғытылды

Қызылордада жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған пробация қызметінің есебіне алынған сотталған азамат енді жазасын темір тордың арғы жағында өтейтін болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған аудандық сотының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, бас бостандығын екі жыл алты ай мерзімге шектеу жазасына сотталған 30 жастағы азамат Сырдария аудандық пробация қызметінің есебіне қойылған.

Аталған азамат пробация қызметі инспекторлары тарапынан жүргізілген профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қоғамдық орындарда алкогольды масаң күйде жүргені үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, сот үкімімен тағайындалған 100 сағат мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарып, пробация қызметі тарапынан жасалған ескертуден де  нәтиже шығармаған.

Нәтижесінде пробация қызметкерлері сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа материал жолдады. Пробация қызметі инспекторларының ұсынымы қанағаттандырылып, Сырдария аудандық сотының 2021 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен сотталған азаматтың жазасының өтелмеген 1 жыл 10 ай мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Қазіргі таңда Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінде жазалары қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 45 сотталған есепте тұр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру