Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ғаламтордағы алаяқтық туралы иллюстрацияланған жадынамалар әзірледі

Алматы қаласының полицейлері ғаламтордағы алаяқтық туралы иллюстрацияланған жадынамалар әзірледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Полиция департаменті интернет-алаяқтардың белсенділігі туралы хабарлап, азаматтарды аңғалдықтан арылуға және қырағылыққа шақырды.

– Өкінішке орай, қылмыскерлер бір орында тұрмайды, олар күн сайын жаңа формалар мен әдістерді қолданады. Карантин жағдайында ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық деректері көбейіп кетті. Ең алдымен, біз мұны азаматтардың сатып алу-сату мүмкіндіктерінің шектеулі болуымен байланыстырамыз. Сауда-саттықты желі арқылы жасау ыңғайлы. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, бұл қауіпсіз емес. Өкінішке орай, өздерінің жеке мәліметтерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы адамдар өте аз біледі, соның салдарынан олар желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы  Еркін Іңкәров.

Сонымен қатар, ол Алматы қаласы ПД аймақтық бөлімшелерінің жедел құрамының бүгінгі таңда алаяқтардың қалай жұмыс істейтіндігі туралы ақпараттық жадынамалардың бірнеше нұсқасын жасағанын атап өтті.

– Заманауи қауіп-қатерлер туралы біле отырып, азаматтар сақтануды үйренеді, демек, бұл жадынамаларда ең танымал алаяқтық тізбектер мен жеңіл ақшаны ұнататындарға жем болмау туралы кеңестер егжей-тегжейлі сипатталған. Брошюралар жергілікті полиция қызметіндегі әріптестеріміздің көмегімен халыққа таратылуда. Мақсат – қоғамды қылмыскерлерден қорғау және осындай қылмыстық көріністердің алдын алу, – деп қорытындылады Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру