Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының қызметтік іссапары жалғасуда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың облыс аудандарына қызметтік іссапары жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы іссапар барысында осыған дейін Қарақия және Түпқараған аудандарына барды.

Келесі кезекте өңірдің бас полицейі Жаңаөзен қаласына барып, қаладағы жедел ахуалмен танысып, ведомствоның атқарған жұмысы туралы жаңаөзендік полицейлердің есебін тыңдады. Жедел басқару орталығы камераларының орналасу орындарына баса назар аударды.

Сондай-ақ Ж.Бақтыбаев жеке құрамға Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмаларын жеткізді. 

Бұдан басқа Департамент басшысы қызмет бабында ерекшеленген жаңаөзендік полицейлерді марапаттап, оларға медальдар мен грамоталар табыс етті.

Бұдан басқа Жаңаөзен қаласының әкімімен кездесу барысында Департамент бастығы бірқатар мәселелерді көтеріп, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар Департамент бастығы өңір тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру