Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полицейлері заңсыз айналымнан 90 келіден астам балық тәркіледі

Маңғыстау облысының полицейлері заңсыз айналымнан 90 келіден астам балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 25 қаңтарда қалада полицейлер “Toyota Camry” маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктен жалпы салмағы 90 келіден асатын 26 дана балық тәркіленді.

Бұл орайда 29 жастағы жүргізушінің балықтың шығу тегін растайтын қандай-да бір құжат ұсына алмағанын айта кету керек.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олардың айналымы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру