Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жазасын өтеушілер арасында карикатура байқауы өтті

Қызылордада жазасын өтеушілер арасында карикатура байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЗК-169/5 мекемесінде психолог мамандар “Әзіл де, байыпты да” деген атаумен сурет байқауын өткізді. 1 сәуір – күлкі күніне орай ұйымдастырылған карикатура конкурсына сотталғандар белсене атсалысып, өздерінің жан-жақтылығын көрсетті.

– Суретті бір күнде, бір сағатта салғандар бар. Әр салынған еңбектің астарында үлкен ой жатқанын әркім өзі түсіндіріп өтті. Мысалы, бір сотталған “Басы тәтті, аяғы ащы” деп аталатын карикатурасында сыбайлас-жемқорлықтың соңы жақсылықпен аяқталмайтынын кәмпит ортасына өткір алмасты бейнелеу арқылы көрсетсе, енді бірі қолға алған ісіңді “жеті рет өлшеп бір рет кесудің” маңызды екенін түсіндіреді. Ол суретте дәрігер танометрмен науқастың жүрегін емес ойлау деңгейін зерделеп отыр. Психологтың кеңесі көңіліне жақпаса да езуін қыстырғышпен керіп, күлген кейіп көрсеткен науқастың суреті де қазылар алқасының көңілінен шықты. Осындай күлдіре отырып, терең ойға жетелейтін бейнелі шығармаларды дәріптеуге тырыстық, – деді САӘПТЖ бөлімінің аға инспектор психологы Айдос Жүсіпбеков.

Шара соңында карикатура байқауының жеңімпаздары арнайы грамотамен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру