Алматылық полицей джиу-джитсудан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Алматылық полицей джиу-джитсудан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда тағы да спорт алаңында ерекше көзге түсті.
Ол джиу-джитсудан “Koktem open” халықаралық турнирінде 67 келі салмақта екінші жүлделі орынды жеңіп алды.
Турнирге Орталық Азия елдерінен осы спорт түрі бойынша барлығы 500-ге жуық өкіл қатысты.
– Бала кезімнен таэквондодан республикалық турнирлерде жеңімпаз атанып жүрдім. Содан кейін Азия чемпионатында күміс жүлдегер атандым. Спорт – біздің күнделікті жұмысымыз. Менің қазіргі жұмысым полиция қызметкерлерінің денелерін шынықтыру, рухын көтеру, біліктіліктерін шыңдау. Мен өзім жұмыстан бос уақытымда жаттығамын. Жеңіс үлкен күш пен төзімділікті қажет етеді. Департамент басшылығының бізді үнемі қолдап, жаңа жетістіктерге жетуімізге жағдай жасап отырғаны қуантады, – деді Зайнолда.