Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі азаматша ұсталды

Қызылордада полицейлермен «STOP трафик» іс-шарасы кезінде  жеңгетайлықпен айналысқан екі азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10-12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын.

Үш күнге созылған шара барысында полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 35 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген екі азаматша анықталды. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру