Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ұялы телефон ұрлығын ашты

Қызылордалық полицейлер ізін суытпай ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек күні полиция Титов қыстағының тұрғыны үйінен ұялы телефоны ұрланғандығы жөнінде хабарлама берді. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты ізін суытпай қолға түсірді. Тексеру барысында күдікті 37 жастағы облыс тұрғыны көршісінің үйіне келіп, ас ішіп болып, қонақ бөлмеде қуат көзінде тұрған  телефонды алып кеткендігі белгілі болды.

Күдіктіден ұрланған ұялы телефон айғақ зат ретінде алынды.  

Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру