Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада “Мас жүргізуші-қылмыскер!” іс шарасы кезінде 977 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының  10-12 аралығында өткен “Мас жүргізуші-қылмыскер!” жедел профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 977 дерегі тіркелді.

Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқарғаны үшін (тонировка) (ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша) – 62 құқық бұзушы анықталды, автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігімен) – 15, техникалық құралын басқарған кезде телефон пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 591-бабының 1-бөлігі) – 99, автокөлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі) – 209, көлік басқару кезінде қозғалыстың қарсы жолағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі) – жеті, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өткені үшін  (ҚР ӘҚБтК 599-бабы) – 24, жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін (ҚР ӘҚБтК 600-бабы) – 42, жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 606-бабы) – жеті, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) – 22, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 612-бабы 1-бөлігі) – 130 деректері анықталып, 78 автокөлік айып алаңына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру