Қызылордада жол ережесін бұзған екі мас жүргізуші бейнекамераға түсіп қалған
Қызылордада жол ережесін бұзған екі мас жүргізуші бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталған жүргізушілер әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында Қызылорда қаласы ПБ жедел басқару орталығы тәулік бойы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.
22 мамыр күні облыс орталығында орналасқан бейнекамераға көлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған екі көліктің жүргізушілері түскен. Олар патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылды, тексеру барысында жол ережелерін бұзған жүргізушілердің алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарғаны анықталды.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы мен 593-бабы бойынша хаттама рәсімделді. Ұсталған азаматтар әкімшілік қамауға алынды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.