Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық ПД-да полицейлердің кеудеге арналған бейнетіркегіштері туралы айтылды

Алматы қалалық ПД-да полицейлердің кеудеге арналған бейнетіркегіштерінің жұмысы туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтарды анықтау және заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттыру үшін алдыңғы шептегі бөлімшелер портативті бейнетіркегіштерді белсенді пайдалануда. Қазіргі уақытта олармен патрульдік қызмет пен учаскелік полиция инспекторлары жабдықталған.

Бейнежетондар қызметтік міндеттерді орындау басталған сәттен бастап қосылады және аяқталғанға дейін үздіксіз жазылады. Бүгінгі күні инновациялық шешімді енгізу арқылы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері деректері айтарлықтай азайды. Сонымен қатар тіркеуіштердегі жазбалар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы қандай да бір құқық бұзушылықтар жасалған кезде сенімді қорғау қызметін атқарады.

Қалалық ПД-да ілеспе онлайн қосымшасы бар жаңа буын бейнетіркегіш құрылғылары бір уақытта аудио және бейне жазуға, сондай-ақ онлайн бақылауға мүмкіндік беретін, әр қызметкердің әрекетін де, бейнетіркегіш біріктірілген топтарын да көру және дауыспен басқару мүмкіндігі бар екені атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру