Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жылдамдық асырған 187 жүргізуші анықталды

Қызылордада жылдамдық асырған 187 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 1035 дерегі анықталды.

Оның ішінде жалған және қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағып көлік құралын басқарудың 5 дерегі, ұялы телефонмен сөйлесудің – 43, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың – 187, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 88, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің – 12, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 28, соқтығысу сәтін туғызудың – 9, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың – 9, құжатсыз көлік құралын басқарудың – 42, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың 43 дерегі анықталды.

Сонымен қатар 99 автокөлік айып тұрағына қойылып, 71 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды. Сондай-ақ Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жол бойында Жаңақорған және Арал аудандардың аумағында түнгі мезгілде уақытша жол қозғалысын ережелерін түсіндіру бекеттері ашылды. Медицина қызметкерлерімен жүргізішілердің денсаулықтары тексерілді, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру