Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 14 жасар бала оқ жарақатынан қайтыс болды

Жамбыл облысында 14 жасар бала оқ жарақатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада Меркі ауданының полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан Тескентоған ауылының 14 жасар тұрғыны пневматикалық қарудан атылған оқтың салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде оқ жарақатын алғанын анықтады.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және объективті зерттеу мақсатында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеп-тексерудің басқа деректері жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру