Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрлығын ашты
Қызылорда облысында бөтен біреудің көлігін заңсыз иемденген қаскүнем құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Қызылорда облысы ПД Шиелі аудандық полиция бөлімінің Еңбекші ауылының учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны «Ваз-2107» автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ұрының автокөлікті түнде арызданушының үйінің ауласына еркін кіру жолымен айдап әкеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлік көрші ауданнан табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұрын сотты болған 37 жастағы аудан тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.