Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмағандар арасында онлайн түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмағандар арасында онлайн түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттер онлайн форматында білім алып жатқанына қарамастан кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтар мен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесі облыс әкімдігімен бекітілді.

Іс-шара барысында мүдделі органдармен бірлесіп, білім беру ұйымдарында (мектеп, колледж) кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғаларын, кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалған қылмыстар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық кодекстер туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, 19-30 сәуір аралығында облыс көлеміндегі 293 мектеп және 30 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы оқушылар арасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы және білім, денсаулық, ҚСжАЕК-нің облыс бойынша басқарманың сала қызметкерлерімен «ZOOM» форматында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Соның бірі, 28 сәуір күні қала аймағында орналасқан М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі және Қызылорда Авиценна медициналық колледжінің студенттерімен «ZOOM» форматында кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасында орын алып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жиі орын алатын деректері туралы ақпараттандыра отырып, олардың заңбұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге бармаулары туралы түсіндірілді.

Аталған кездесулер алдағы уақытта білім беру ұйымдарында жоспарға сай өткізілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру