Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған кафені анықтады

Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздегі коронавирусқа байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға, ойынхана клубтарына тексеру жүргізді. 28 сәуір күні сағат 01:56 тексеру барысында Шымкент қаласы ” MISTER DEAN” кафесіне мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 22:00-ден кейін келушілерді қабылдап қызмет көрсетіп жатқаны және келушілердің үш дана қорқорды (кальян) тұтынып отырғаны, қызметкері келушілерді қабылдау барысында бір реттік бетперде мүлдем тақпағаны, мекемеге кіру орнында дез-кілемше жоқтығы, антисептик және термометрия құралдары жабдықталмағаны анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.

Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру