Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полиция департментінің басшылығы 168 азаматты қабылдады

Жыл басынан СҚО полиция департментінің басшылығы 168 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев азаматтарды жеке қабылдауды жалғастыруда. Қабылдау алдын ала жазылу бойынша аптаның әр сәрсенбісінде өтеді.

Қылмыстық істерді тергеу барысы, жұмысқа орналасу, полицияның жұмысы туралы пікірлер – негізінен облыстық полиция басшысына үш бағыт бойынша сұрақтар түсіп жатады. Әр өтініш мұқият қаралады, жауаптарды дайындауда қажет болған жағдайда өтінішті шешу құзіретіне жататын бөліністердің басшылары тартылады. Жыл басынан облыстық полиция басшысы Марат Төлебаев 114 азаматты қабылдады. СҚО ПД бастығының орынбасарлары 54 адамды қабылдаған. Шектеу шаралары кезінде азаматтарды қабылдау online режимінде, “бейнеқоңырау” форматында жүргізіледі. Бұл санитарлық нормаларды сақтау мақсатында ұйымдастырылды, сондай-ақ ол көбінесе жүгінген азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді; олар департамент бастығымен тұрақты интернет сигналы бар болса облыстың кез келген жерінен байланысқа шыға алады.

Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі күні өтеді. Айына бір рет азаматтарды қабылдау міндетті түрде “азаматтарды қабылдауға арналған бөлмеде”, яғни азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы жабдықталған үй-жайда өткізіледі. Сондай-ақ, облыстық полицияның бастығы тоқсанында бір рет азаматтарды Nur Otan партиясында қабылдайды. Соңғы рет екі сұрақ келіп түскен.

Қабылдауға 8 (7152) 39-40-20 телефоны бойынша жазылуға болады. СҚО Полиция департаменті бастығы және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері полицияның әкімшілік ғимараттарында орналастырылған. Сондай-ақ, СҚО полиция басшылығының байланыс нөмірлері ведомствоның ресми кіші порталында орналастырылған, Facebook әлеуметтік желісінде СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтың ресми парақшасы жұмыс істейді, парақшаға полиция құзыретіне жататын барлық сұрақтар бойынша жүгінуге болады.

Жалпы жыл басынан СҚО Полиция департаментіне 1422 өтініш келіп түскен, оның 1283-і жеке тұлғалардың өтініштері. Әр өтінішке уақтылы жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты, жеке қабылдауды және аталған жұмыс желісіне бақылауды ұйымдастыру СҚО Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру