Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік жүргізуші 8 жастағы велосипедшіні қағып кетті

Ақтөбелік жүргізуші сегіз жастағы велосипедшіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналардан балалармен жол жүру ережелері туралы түсіндіру әңгімесін жүргізуді және балаларды көшеде тіпті бірнеше минутқа қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Мысалы, 28 сәуірде Мәртөк ауылындағы “Дэу Нексия” автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін кесіп өткен сегіз жастағы велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, Ақтөбе қаласындағы ОБКА-ға жеткізілді.

Жүргізушілерді сақ болуға шақырамыз – жолда кез-келген уақытта балалар шығуы мүмкін! Қоғамдық көлік аялдамаларының, аулалар мен балалар алаңдарының, саябақтар мен скверлердің жанында қозғалыс жылдамдығын азайту керектігін ескеріңіз.

– Велосипед – бұл көлік құралы. Бұл дегеніміз, көлік құралдарына қатысты жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптары, соның ішінде велосипедтерге де қатысты. Сонымен қатар, велосипедші жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап, жаяу жүргінші ретінде жолды кесіп өтерде, велосипедті өзімен бірге алып жүруге міндетті.
Сондай-ақ, ата-аналар балалармен ереже бойынша әңгімелесулер өткізулері керек және жазғы кезеңде балалар негізінен аула аумағындағы балалар алаңдарының жанында сырғанап, тұрған көлік құралдарына қарай кетіп қалатынын ұмытпау керек, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру