Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Вакцинациялау ерікті негізде жүргізіледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін вакцинациялау ерікті негізде жүргізіледі. Бұл туралы ІІМ Тыл департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқара отырып, қылмыстарды ашқанда және тергегенде, оқиға орындарын тексергенде, жауап алуда, шақыруларға қызмет көрсетеді, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет атқарады және карантинді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысады. Сондықтан COVID-19 жұқтыру қаупі бар. Сондықтан ішкі істер органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері сияқты коронавирусқа қарсы вакцинацияның басым тобына кіреді, – деді Қ.Сұлтанбаев.

Бүгінгі таңда вакцинация – бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға, әдеттегі өмір салтына карантиндік және санитарлық шектеулерсіз тезірек оралуға мүмкіндік беретін қажетті шара.

– Алайда вакцинация туралы шешімді әркім өз бетінше қабылдайды. Екпе алуға ниет білдірген қызметкерлер алдын ала тексеруден өтеді. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар вакцинациялауға жатпайды, – деп хабарлады ІІМ Тыл департаментінің бастығы.

Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті ішкі істер органдарының жеке құрамына вакцинация жүргізуді ұйымдастырады және әрбір қызметкерге қолжетімді болуы үшін жағдай жасайды.

Жалпы, бүгінгі таңда 65 мыңнан астам ІІО қызметкері COVID-19 вакцинасын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру