Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қала көшелерінде рейдтік жұмыстар жүргізді

Қызылордалық полицейлер қала көшелерінде рейдтік жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “КВАДРАД” іс-шарасының аясында Өсербаев көшесі аумағына рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.

Полиция қызметкерлерімен бірге кезекті күндізгі және түнгі рейдке жергілікті белсенді тұрғындар шықты. Іс-шара барысында жалға берілетін пәтер агенттіктерінің иелерімен Қорқыт ата көшесі №7, Өсербаев көшесі № 67, Әйтеке Би көшесі №24 және №26 үй-жайларда пәтер беру кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық тыныштықты сақтау ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ учаскелік инспекторлар пәтерлерiн жалға берушілерге шетел азаматтарына пәтер беру кезінде міндетті түрде профилактикалық әңгімелер жүргізу туралы ескертті.

Сонымен қатар, Өсербаев көшесінде орналасқан дүкен иелеріне белгіленген уақыттан кейін спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы, ал мұндай фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар таратылды. Іс-шара барысында барлығы 11 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша 3 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бір дерек анықталды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру