Қызылордалық полицейлер қарақұйрық атқан тұрғынды ұстады
Облыс орталығы тұрғынының көлігінен қарақұйрық денесі мен аңшы мылтығы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шиелі аудандық Полиция басқармасы ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерімен және «Охотзоопром» РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 18 мамырда Шиелі ауданы Телікөл ауылының «Камал» су скважинасының жанында күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрық жануарының денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы жұмыссыз, облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігінің бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.