Қызылордалық полицейлер ұрланған құрылыс заттарын иесіне қайтарды
Қызылордалық полицейлер ұрланған құрылыс заттарын иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық тұрғын құрылыс заттарын белгісіз адамның ұрлап кеткенің айтып, полиция басқармасына арызданған.
Полиция басқармасының анықтаушысы Айбек Арыстанбекұлы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде жәбірленушіге ұрланған заттарын қайтарды.
Өз кезегінде қала тұрғыны Жанболат Есмаханов Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығына және анықтау бөлімінің жеке құрамына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.