Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда білім беру ұйымының директорларына әкімшілік хаттама жасақталды

Атырауда білім беру ұйымының директорларына әкімшілік хаттама жасақталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында полицейлер балаларды мектепке тасымалдайтын көлік құралдарын тексеріп, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау, соның ішінде мектеп автобустарына балаларды отырғызу және түсіру ережелері, балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстап тұратын құралдарды міндетті түрде қолдану туралы жүргізушілермен профилактикалық сұхбат жүргізді.

Атырау қаласындағы ​мектептер мен интернаттарға балаларды апаратын барлығы 11 автобус бар. Тәртіп сақшылары автобустардың техникалық жағдайын, сары жарқылдауық маяктың бар болуын, тану белгілерін, артқы есіктердің қолжетімді болуын, дәрі қобдишасын, өрт сөндіргішті, сондай-ақ көлік дөңгелектерінің резеңкесін тексерді.

Тексеру нәтижесі бойынша қауіпсіздік ережесі тиісті жағдайда болмағандықтан орта білім беру ұйымдарының ​директорларына, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлімімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша екі адамға, ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы 1-бөлімі (Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша бір азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің-619 бабы 1-бөлімі (Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу) бойынша бір азаматқа әкімшілік хаттама жасақтады.

Сондай-ақ, бір қоғамдық көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша ​ хаттама толтырылды.

Айта кетейік, 14-23 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру