Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Зерентай” балалар сауықтыру лагерінің демалушыларымен кездесті

Қызылордалық полицейлер “Зерентай” балалар сауықтыру лагерінің демалушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Зерентай” балалар сауықтыру лагерінің демалушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жасөспірімдермен есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейресми жағдайда қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, полицейлер балаларға қызметтік иттердің қалай есірткі табатынын, қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті. Жазғы кезеңде мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Есірткімен күресушілердің басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

“Зерентай” лагеріндегі кездесуге 3 отрядтан 60-қа жуық демалушы балалар қатысты. Балалармен Spice шылым қоспалары, синтетикалық есірткілер, есірткінің түрлері, есірткі сатушылардың есірткіге баулу үшін жасайтын әрекеттері туралы әңгіме жүргізілді.

“Зерентай” лагерінің балалары педагогикалық құрамның көмегімен “Мен өмірді қалаймын!” тақырыбында асфальтқа, қағазға сурет салу, “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” ұранымен флешмоб, сондай-ақ театр миниатюраларын көрсетті. Балалар алынған ақпараттан және қызметтік иттердің жұмысын көріп, үлкен әсерге бөленді. Кездесу соңында полицейлер іс-шараға белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру