Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты

Қызылордалық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 53 жастағы ана арызданды. Қала тұрғынының айтуы бойынша, 13 жастағы қызы түнде белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмаған.

Жасөспірімді іздеу жұмыстарына барлық Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері мен жедел уәкілдері, ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылып, қала аумағы бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жасөспірім бірнеше сағаттың ішінде облыс орталығындағы көшелердің бірінен табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған жасөспіріммен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру