Қызылордалық полицейлерге арналған психологиялық қолдау күні өткізілді
Қызылордалық полицейлерге арналған психологиялық қолдау күні өткізілді, – деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте қиын болғандықтан, қызметкерлер күн сайын ерекше жағдайларға тап болады. Көбінесе құқық бұзушылар полицейлерді түрлі жанжалдарға итермелейді. Сондықтан олар уақтылы әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдауы керек.
Осы орайда, бүгін Қызылорда облысы gолиция департаментінің психологтары қызметкерлер үшін психологиялық қолдау күні акциясын өткізді. Акция барысында психолог жеке құрамды жұмыста күтіп алып, оларға психологиялық қолдау көрсетті.
Аталмыш шараның мақсаты – қызметкерлердің жұмыс деңгейін арттыру, олардың кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық – психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметке жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.
Әрдайым өз қызметтерін адал атқарып жүрген қызметкерлерімізге қолдау көрсету олардың жақсы қасиеттерін арттыратыны анық.
Сонымен қатар Алғыс айту күніне орай психологтар әрбір қызметкерге ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріне алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.