Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері көлік тізгіндеген 26 жастағы мас жүргізуші жазалады

Қызылорда полицейлері көлік тізгіндеген 26 жастағы мас жүргізуші жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамераларды тексеру барысында көше бойында ВАЗ 2101 автокөлігі жол ережесін бұзып жүргендігін байқап, патрульдік полиция инспекторларына бағыт-бағдар беріп, автокөлікті тоқтатуды сұраған.

Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижесі бойынша құқық бұзушының “орта” дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама рәсімделді.

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру