Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғын алаяққа 2 млн теңгеге алданып қалды 

Қызылордалық тұрғын алаяққа екі миллион теңгеге алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны танысының сеніміне кіріп, Қызылорда қаласынан үй алып беремін деген желеумен екі миллион ақшасын алдап алған. Алаяқ ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері келісілген уәде бойынша осы күнге дейін үй алып бермей қашып жүрген. Сондықтан жәбірленуші полицияға жүгінді.

Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру