Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық жұмысқа орналасамын деп, бейтаныс әйелге 500 мың теңге берген

Мектепке жұмысқа орналасамын деп, бейтаныс әйелге 500 мың теңге берген қызылордалық алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірде Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, бейтаныс әйел оған қалалық мектептердің біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген.

Осы мақсатта ол алдау жолымен жәбірленушінің 500 мың теңге көлемінде ақшасын жымқырған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған алаяқ телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі әлі де өз шешімін таппады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 1978 жылы туған бұрын сотты болған әйел күдікті ретінде құрықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру