Қызылқоға ауданында дала өрті азаяр емес
Қызылқоға ауданында дала өртінің төртінші оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 14 шілдеде сағат 13:50-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 60 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 5 мың гектар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелері жанып жатқаны анықталды.
Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан жеті адам мен бір бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 29 адам мен 11 бірлік техника күшімен 01:55-те өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Атырау облысы ТЖД ескертеді! Табиғатты қорғаныңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!