Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресей азаматы Петропавл көші-қон қызметкерлеріне алғысын білдірді

Ресей Федерациясының азаматы Петропавл қаласының көші-қон қызметінің қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына Ресей Федерациясының азаматынан алғыс хат келіп түсті. Жылы лебіздер Петропавл қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің бөлім бастығы Айсұлу Сапарғалиеваға арналған. Ер адам екі жыл бұрын Қазақстанға жанұясымен бірге болу үшін көшіп келген. Ол уақытша тіркеу бойынша тұрған. Өткен жылдың қыркүйек айында 63 жастағы қала тұрғыны кеңес алу мақсатында полиция қызметкерлеріне жүгінген. Офицер білікті көмек көрсетіп, көші-қон заңнамасын түсіндірген және өтінішті ресімдеуге көмектескен. Петропавлдық жұмысқа орналасуға қажет болған шетелдіктің тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты алды. Біраз уақыттан соң, ол ҚР азаматтығын алу үшін өтініш жазу туралы шешім қабылдаған. Қазіргі кезде оның материалдары қарастырылуда.

– Көші-қон қызметінің қызметкері Айсұлу Ермекқызы Сапарғалиеваға кәсібилігі, жылдамдығы, сауаттылығы мен құжаттарды ресімдеу тәртібін түсінікті жеткізе білгені үшін алғыс айтамын. Ол әрбір жүгінген азаматқа тез әрі кәсіби түрде көмектеседі – мұны мен келген сайын байқадым, – деп жазыпты зейнеткер.

 

– Жалпы көші-қон қызметінің қызметкерлері 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Үш айдың ішінде облыс орталығында полицейлер 164 шетелдікке тұруға ықтиярхатты ресімдеді, шетелдіктердің уақытша келуі туралы 1595 өтінішті қабылдады. Сондай-ақ, 15 адам ҚР азаматтығын алу туралы өтініш берген. Бұдан бөлек, 7143 солтүстікқазақстандық ҚР төлқұжаты мен жеке куәлігін алды, 1534 Қазақстан азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркелуді ресімдеді, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру