Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер жалпықалалық сенбілікке шықты

Петропавлда полицейлер жалпықалалық сенбілікке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер жалпықалалық сенбілікке үлесін қосты. Оған облыстық департамент аппараты мен қалалық полиция бөліністерінің қызметкерлері қатысты.

Жедел уәкілдер мен тергеушілер, учаскелік инспекторлар және патрульдік полицейлер, көші-қон қызметінің, кинология мен кезекшіліктен бос басқа да қызметкерлер нысанды киімдерін күнделікті тұрмыстағы киімге ауыстырып, әкімшілік ғимараттардың маңын тазартуға кірісті.


Абаттандыру қағидаларын тексеруді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлеріне іргелес аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстауда үлгі көрсету өздері үшін де аса маңызды. Газондар мен аллеялар тазартылып, жақсы күндегі қимыл бойға күш берді.

– Аумақтарды санитарлық тазалауға полицейлер қар ери бастаған сәтте сәуірдің алғашқы сенбісінде шықты. Алдымызда жалпыоблыстық сенбілік күтіп тұр. Полиция қызметкерлері қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, қаламызды тазалық пен тәртіпте ұстауға үлесін қосуда, – деді СҚО ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Жомартов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру