Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясына 45 мыңға жуық хабарлама келіп түсті

Павлодар облысының полициясына 45 мыңға жуық хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын полицияға 300-350 қоңырау келіп түседі. Бұл жерде азаматтар көмек сұрайды немесе жасалған қылмыс пен құқық бұзушылық туралы хабарлайды.

– Жүргізілген талдау көрсеткендей, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының полициясына 44 650 қоңырау мен хабарлама келіп түсті, оның ішінде 727 қоңырау шалушы жасалған қылмыстар туралы хабарлады, көлік құралдарын ұрлау, тонау, ұрлық бойынша 273 қоңырау, 76 алаяқтық бойынша, 343 қандай да бір ақпаратты тексеруді сұраған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары азаматтардан жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 7 848 хабарлама, оның ішінде 2 499 – отбасылық жанжал, 1308 – түнгі уақытта тыныштықты бұзу, 1 142 – жол-көлік оқиғасы, 2 607 – ауруханадан, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар туралы 152 хабарлама келіп түскенін хабарлады. Одан басқа орындалуы полицияның құзыретіне жатпайтын әртүрлі мазмұндағы 12 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.

Қоңырау шалушылар түрлі ұйымдардың байланыс телефондарын сұрайды, туыстарымен байланыстыруды сұрайды, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін лифтерлерді шақырады, подъездердің кіре берісіне жарық орнатуды сұрайды, біреулер жылу мен су жағдайын сұраса, енді біреулері заттарды тасымалдауды, баланы мектептен алып келуді, әйелді босануға алып баруды сұрайды. Біреу ауа-райына қанағаттанбайды, біреулерге көршілерінің кіреберісте және аулада жүргені, көлікті қалай қойғаны ұнамайды.

– Аймақ тұрғындарынан анықтамалық ақпарат сұраған 9 522 қоңырау келіп түсті. Мысалы, 104 азамат полицияға жүйелі түрде қоңырау шалып, белгілі бір қызметтің немесе дүкеннің, кинотеатрдың, мектеп пен балабақшаның жұмыс режимі туралы хабарлауды сұрайды. Кейде олар анықтама телефондарын сұрайды, қандай дәріханада қажетті дәрі бар екенін сұрайды. Мұның бәрі операторды негізгі жұмысынан алшақтатады, мүмкін дәл осы сәтте шынымен көмекке мұқтаж адамдар полицияға хабарласа алмай жатуы мүмкін, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары хабарламалардың жалпы санынан 20 714-тің расталмағанын атап өтті. 710 павлодарлық полицияға қателесіп хабарласқан. Павлодар облысының полицейлері халықпен ашықтық және “жұртқа жақын” қағидаттарына негізделе отырып, облыстағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Ал ішкі істер органдарын цифрландыруды енгізу ерекше тиімділік береді. Осыған байланысты Полиция Департаменті 102 телефонына немесе Police 102 мобильді қосымшасына қоңырау шала отырып, облыстың кез келген жерінде заңның бұзылғаны туралы хабарлауға, оқиға болған жерді анық және дәл көрсетуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру