Ресей Федерациясы салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады
Ресей Федерациясы салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне Ресей Федерациясы Алтай өлкесі бойынша сот приставтарының федералдық қызметінен бес мың рубль мөлшерінде жер салығын төлемегені үшін іздестіріліп жатқан 69 жастағы Қазақстан азаматына іздеу жариялау туралы хат түсті.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, салық төлемеген әйелді Павлодар қаласында тұрып жатқанын анықтап, мәліметтерді құзырлы органдарға хабарлаған.
ШҚО полицейлері жыл басынан бері осындай 60-қа жуық азаматты анықтаған.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.