Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол қиылыстарынан өту ережесін бұзудың 1,7 мыңнан астам дерегі тіркелді

Шымкентте “Абайлаңыз, балалар!” іс-шарасы аясында жол қиылыстарынан өту ережесін бұзудың 1,7 мыңнан астам дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай балаларды қорғауға, олардың құқықтық сауатын арттыруға, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ету мақсатында полицейлердің қосар үлесі зор.

Шымкентте 25 сәуірден “Абайлаңыз, балалар!” іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау.

Мәселен, Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Элмира Абдурахманова №31 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына “Жол қауіпсіздігі” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сабақ барысында полиция инспекторы жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілер жолағынан қалай дұрыс өту керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, балаларға жол белгілері көрнекі құралдар көмегімен көрсетілді.

Өз кезегінде ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша туындаған сұрақтарына жауап берді. Сабақ соңында бағдаршам бейнеленген парақшалар мен жол қозғалысы ережелері бойынша жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, іс-шара аясында жол жүрісі ережелерін бұзудың 2 436 жайты анықталған. Оның ішінде ең көп тіркелгені жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу, яғни 1 707 дерек тіркелген. Бұдан өзге полицейлер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы мектептерде балалармен және ата-аналармен 497 сабақ өткізді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Сонымен қатар, балалардың демалыс күндері бос уақытында ата-аналардан қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру