Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер тұрғынының гаражынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді

Риддер қаласында полицейлер жергілікті тұрғынның гаражынан төрт түп қарасора және 6 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттары облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына гаражда құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен есірткі заттары сақталуы мүмкін екені туралы ақпарат түскен. Ақпаратты тексеру мақсатында Риддер қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп шұғыл тінту жүргізілді.

Тінту кезінде төрт түп қарасора, кептірілген өсімдік тектес зат және ішінде есірткі заттарының қалдығы бар ыдыс табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер қарасора тұқымдасына жататыны анықталды. Ал кептірілген өсімдік тектес зат марихуана деп танылды. Оның жалпы салмағы 5,8 келіден асты. Сонымен қатар ыдыстан шамамен 15 грамм есірткі заты анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткі заттарын заңсыз өсіру мен сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қарасораны заңсыз өсірудің өзі заң алдында жауап беруге негіз болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру