Риддерде велосипед ұрлығының 7 эпизодын жасаған күдікті анықталды
Риддерде велосипед ұрлығының 7 эпизодын жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде велосипед ұрлығының жеті эпизодын жасаған күдіктіні анықтады.
Анықталғандай, 27-28 маусым аралығында Риддер қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғындарынан арыз келіп түскен. Олардан қаскүнем жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам велосипед ұрлаған. Ер адам өзінің олжасын тұрғын үйлердің кіреберістерінен тапқан, содан кейін оны басқа тұрғындарға сатқан немесе өзі тепкен.
Көп ұзамай оны сәтті ұстау жүзеге асырылды. Қылмысқа қатысы бар 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.