Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерден 10 млн теңге ұрланды

Рудный қаласының полиция қызметкерлері пәтерден 10 миллион теңгеден астам қаржыны қолды қылған ұрылардың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға үй иелері жоқ кезде болған. Полицияға шағым айтқан арыз иесінің айтуынша, 7 наурызда ол отбасымен бірге Қарабалық ауданына қыдырып кеткен. Қонақтан келген қожайын үйіне кіргенде шашылып жатқан заттарды көреді.

Шкаф пен сейфте 4500 АҚШ доллары, 6 миллион теңге және 500 мың Ресей рублі болған. Ұрылар түгел үптеп кетіпті.

Полиция қызметкерлері 100-ден астам пәтерді аралап, бейнекамералардың жазбаларын қарап, жүргізушілерден, сондай-ақ жәбірленушілердің таныстарынан және есепке алынған адамдардан сұрастырды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған Рудный қаласының үш тұрғынын ұстады.

Ақша гараждардың бірінде тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі “Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру