Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда модульдік бекет базасында полицияның жаңа учаскелік пункті жұмыс істей бастады

Рудныйда модульдік бекет базасында полицияның жаңа учаскелік пункті жұмыс істей бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін полиция пунктінің тәулік бойы жұмыс режимі қарастырылған.

– Бекеттің ішінде 3 қызметтік кабинет, сондай-ақ тамақтану бөлмесі орналасқан. Пост жедел басқару орталығына шығарылған сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мұнда патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар қызмет атқаратын болады, – деп атап өтті Рудный қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Виталий Цой.

Полиция бекеті қаланың қарбалас көшелерінің бірінің қиылысында орналасқан. Орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Жақын жерде мешіт, аурухана және адамдар көп жиналатын орындар бар.

Болашақта жақын жерде мектеп, ірі сауда орталығы және азаматтардың демалуы үшін өзге де орындар ашылатын жаңа шағын аудан салу жоспарлануда. Учаскелік пункт құрылысын іске асыру Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ішкі істер органдары қызметкерлерінің жаңа жұмыс форматына көшу жөніндегі тапсырмаларын – “жұртқа жақын полиция” қағидатын орындау шеңберінде өтті.

Қазір Рудныйда 9 учаскелік полиция пункті, модульдік және стационарлық полиция бекеті жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру