Рудныйда синтетика жасырушы ұсталды
Рудныйда синтетика жеткізуші ұсталды. Одан 16 грамнан астам “а-PVP” есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті Telegram-арнасы арқылы курьер болып жұмысқа орналасқан. Ол zip-пакеттерге оралған есірткінің ірі партиясын алып, оларды облыстың бірнеше қалаларына жасырып кеткен.
Синтетиканы өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері Қостанай облысында полицейлер “жеңіл ақша табудың жарнамасы” бар 120-дан астам сілтемені бұғаттады, 10 есірткі жасырушыны ұстады.