Сәбиін дәретханаға тастаған азаматша табылды
Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласында жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана ішінен жаңа туған нәресте мәйітінің табылу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды.
Күдікті азаматша анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аты жөнін жазу керек, оныда бір жігіт жар етіп алады ғой бір күні…