Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халыққа жақын инспектор анықталды

Жамбыл облысының Сарысу ауданында халыққа жақын учаскелік инспектор анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың 14-30 қарашасы аралығында Жамбыл облысының Сарысу ауданында “Халыққа ең жақын учаскелік инспектор” байқауы өткізілді.

Байқау халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенім деңгейін арттыруға, қызметтің беделін көтеруге және учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған.

“Халыққа ең жақын учаскелік инспектор” онлайн байқауы полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалауда ішкі істер органдары мен қоғамның ашық, өзара бірлескен іс-қимылының үлгісі болып табылады.

Байқау жеңімпаздары Сарысу аудандық полиция бөлімінің @sarysu_police ресми парақшасында дауыс беру қорытындысы бойынша жиналған халықтың көпшілік дауысымен айқындалды. Кез-келген адам, әсіресе аймақ тұрғындары өз пікірлерінше, учаскелік полиция инспекторы атағына толық сәйкес келетін қызметкерді таңдап, оған дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні  мерекесі қарсаңында аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов байқауда бақ сынаған учаскелік полиция инспекторларын салтанатты түрде марапаттады.

Халықтың ең көп даусын жинап, мыңдаған оң пікірге ие болған (4 764 лүпіл) Абзал Асаубай жеңімпаз атанып, “Халыққа ең жақын учаскелік инспектор” атағына ие болды.

Абзал Асаубай ішкі істер органдарында 2017 жылдан бастап қызмет етеді. Оның қызмет көрсету аумағында 6 432 тұрғын бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру