Сайрам ауданында «Үздік криминалист» анықталды
Түркістан облысы Сайрам ауданының «Үздік криминалисі» анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Қылмыс орын алған жерде полицияның жұмысы криминалистен басталады. Оқиға тәуліктің қай мезгілінде қашан, қалай болғанын анықтау, айғақты заттарды сапалы алу болып табылады.
Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлер жетерлік. Солардың біpi Сайрам ауданы полиция басқармасының аға криминалисі – Фархад Баятаров 2020 жылдың қорытындысы бойынша Tүркістан облысы
Полиция департаменті «Үздік криминалисі» атанып, марапат биігінен көрінді.
Фархат 1982 жылы Tүлкібac ауданының Мақталы ауылында дүниеге келген. Сондағы А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебін 2000 жылы аяқтайды. Сол жылы ҚР IIM-нің Ақтөбе заң колледжіне түсіп, 2002 жылы бітіріп шығады. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы аудандық ПБ-де кезекші қызметінен бастап, маман криминалист, аға криминалист лауазымдарында жұмыс жасаған. Құқық қорғау саласында 18 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан уақытта өзінің қызметтік міндеттерін адал әpi табандылықпен атқарып, басшылар тарапынан тапсырмаларды уақытылы орындайтын қызметкер ретінде көзге түсіп келеді. Сонымен қатар жыл сайын көптеген ауыр қылмыстарды ашуда.
2020 жылдың ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қақтығыс кезінде Республика көлемінде жұмылдырылған күш-кұралдардың алғашқы шебінде болып, оқиға орнын қарау, залалсыздандыру жұмыстарын жоғары деңгейде атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
2007 жылы Тараз Мемлекеттік заң университетін бітірген. Жұбайы Ақтоты Сапарғалиқызы eкеуі бес ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Тұңғышы 14 жастағы Әбілхайыр балалар арасындағы epкін күрестен медалдар мен марапаттарға ие болып жүр.
Осындай үлгілі отбасылар арамызда аз емес. Ендеше біз де үздік отбасыға амандық тілейміз.