Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамда бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Сайрамда бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті 8 тұрғын шағым түсірді. Жәбірленушілердің айтуынша, тұрғылықты мекенде тұратын таныс әйел сенімдеріне кіріп, мемлекеттен бизнес бастауға грант ұтып беремін, зейнеткерлікке шығарып беремін деп әрқайсынан алдын ала 75 мың теңге ақша алған. 

Күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі – 600 мың теңге.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жауап алынып, ақша аударылымдарын тексерген. Нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Ол бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін сотты болған екен.

Қазіргі уақытта аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру